Әлеуметтік сала

Миграция

"Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламаның үшініші бағыты бойынша ағымдағы жылы Зайсан ауданына қоныстанатын 35 оралмандар отбасы мен жұмыс күші артық өңірлерден қоныстанатын 15 отбасына құрамында 164 адамы бар азаматтарға көшу шығынын өтеуге барлығы 13 762,0 мың теңге қаражаты бөлініп, қараша айында игеру жоспарланған. Өңірлік комиссиядан өткен 57 оралман отбасының 173 мүшесіне қазан айында 14562,275 мың теңге қаржы төленді.
2018 жыл көлемінде Зайсан ауданына жұмыс күші артық оңтүстік өңірлерден қоныстанатын азаматтар барлығы 10 отбасы құрамында 17 адамы бар азаматтардың құжаттары және  60 отбасы құрамында 179 адамы бар оралмандар өңірлік комиссияда қаралып мақұлданды.
Ауданда қоныстанған  4 оралман отбасыларына  ауылшаруашылықпен айналысуға 20 гектар егістік  жер, шағын бизнес ашу және өз бизнестерін кеңейту мақсатында 5 оралман отбасына 25 млн.тг. шағын несие қажет.
Зайсан ауданына жұмыс істеуге көшіп келуге ниеті бар азаматтармен жұмыс жалғасуда.

 

Қазақстан Республикасының «Халықтың көшi-қоны туралы» Заңына және осы Заңға байланысты шыққан Жарлықтар мен Қаулылар негізінде ауданға келген оралмандарды қабылдау, орналастыру және оларға әлеуметтiк-тұрмыстық жағдайлар шаралары жүзеге асырылуда.
1998 жылдан бастап ауданға еңбек келісім-шартпен және квота бойынша келген оралман 1411 жанұя 7109  адам тұрады.
Үкімет тарапынан берілетін бір жолғы жәрдем ақы  алған жанұя саны жылдан жылға артып келеді. 2009 жылы 210 жанұя квоталарын алса, 2010 жылдың 10 айында  134 отбасы    2011 жылы 117 отбасы квоталарын алды. Оралмандарды жергілікті жерге бейімдеу, жұмысқа орналастыру, сауат ашу курстарын ашу шаралары белгіленіп, сол бойынша жұмыстар атқарылуда.
Жер алуға тiлек бiлдiрген оралмандардың өтініштері аудандық жер комитетiнде қаралып қанағаттандырылуда.
Квота арқылы және квотадан тыс тұрақты тұруға келген 186 оралман отбасы   шаруа қожалығын құрып жұмыс істейді. Жалпы –23666 га шабындық, егіндік жерлерін бекітіп, мемлекеттiк актiлерiн алды.
Мал өсiру қолға алынуда. Қазір оралмандардың қосалқы шаруашылықтарында 1200 бас– iрi қара, 560-тан аса жылқы, 4500-ден астам қой- ешкi өсірілуде.
БҰҰ-ның даму бағдарламасымен бірлесп оралмандаррды Қазақ тілі, орыс тілі және компьютерлік сауаттылықа оқыту курстары жүргізілуде. Жалпы 600 оралман оқытылып , оған БҰҰ-нан 1млн.200 мың теңге бөдінді.
Осы бағдарлама бойынша ауданымызға 2 млн 100 мың теңге инвестиция бөлініп Зайсан қаласында оралмандар көп шоғырланған Панфилов көшесі бойына 300 метр ауыз су құбыры тартылды, Зайсан қаласынан 2 автобус аялдамасы, Гагарин орта мектебінде балалар дем алатын орын мен су бұрқақ пайдалануға берілді.Қарабұлақ ауылынан мал егу алаңы салынды.Қазіргі күні Зайсан қаласында мүгедектердің тұрмыстық-қамту орталығын ашуға 400 мың теңге бөлінді.Осы жоба  іске асыру үшін Зайсан қаласынан мөлтек ауданынан ғимарат беріліп Мүгедектердің тұрмыстық қамту орталығы ашылды.Орталыққа 4 адам жұмысқа қабылданды.
Тұрғылықты тұрып жатқан оралмандардың арасында жұмысқа жарамдылар саны 4154 адам, оның iшiнде: 493 адам шаруа қожалықтарында, бюджеттiк мекемелерде жұмыста, 82 оралман кәсіпкерлікпен айналысуда. Олар аудан орталығында 3 базарды жалға алып, 4 аяқ киім жөндейтін шеберхана, 4 киім тігетін цех, 5 шаштараз, 2 фото салон, 1 компьютерлік орталық, 2 асхана, 2 кафе ашып, халыққа қызмет көрсетуде.
Жол қартасы бойынша 5 оралман оқуға жіберілді. Нұрлы көш бағдарламасы бойынша Зайсан ауданы бойынша «Нұрлы-көш» пилоттық жобасына қатысушы оралман отбасыларын Курчатов қаласына 19 және Ново Явленка ауылына 19 отбасы көшірілді.

Миграция

Миграция

Миграция

Миграция

 

Парақтар өзгертілді: 10-12-2018

ИНФОРМАЦИЯ ПО ТЕМЕ

30/05/2018
ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы «Үздік әлеуметтік жобалар – 2018» республикалық конку... Толығырақ...
1