ТЖ

ШҚО ТЖД Зайсан ауданының ТЖБ

Мекен-жайы: Зайсан қаласындағы Манапов қ-сі 21 үй
Телефон:8-723-40-21-201

Мекеме басшысы

Сейлханов Асет ЕрболовичСейлханов Асет Ерболович

1983жылы 22 науырызында Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақжар ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. 1989 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Тұғыл ауылындағы Т.Рысқұлов атындағы орта мектебінің табалдырығын аттап, 2000 жылы аталған мектепті бітірді. 2000-2001 жылдары Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Құқықтану» мамандығы бойынша оқыды. 2001-2007 жылдары Қырғыз мемлекеттік құрылыс, көлік және архитектура университетінде сырттай оқып өрт қауіпсіздік инженері мамандығын алды. Қарулы күштерінде қызмет еткен жоқ. 2003 жылы наурыз айынан бастап «Иртыш» әскерилендірілген тауда құтқару жасағының респираторщик лауазымына жұмысқа орналасты. 2004 жылдың ақпан айынан бастап 2005 жылдың наурыз айына дейін ШҚО ТЖД ӨҚҚ ММ № 10 ӨҚКЖ Ауэзов кентінің жеке постының өрт сөндірушісі лауазымында жұмыс атқарды. 2005 жылы наурыз айында Шығыс Қазақстан облысы «ӨСжАҚЖҚ» ММ филиалының Ауэзов кентінің жеке постының бөлімше командирі лауазымына тағайындалды. 2005 жылы қыркүйек айында Шығыс Қазақстан облысы «ӨСжАҚЖҚ» ММ филиалының Ақжар ауылының жеке постының өрт сөндірушісі лауазымына ауыстырылды. 2007 жылы сәуір айында Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Тарбағатай ауданының өртке қарсы қызмет бөлімінің инженері лауазымына тағайындалды. 2008 жылы қыркүйек айында Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Тарбағатай ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің  аға инженері лауазымына тағайындалды. 2009 жылы қараша айында Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті «ӨСжАҚЖҚ» ММ-нің Ақсуат ауылындағы № 59 өрт сөндіру бөлімінің бастығы лауазымына тағайындалды. 2012 жылы мамыр айында Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Бесқарағай ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы лауазымына тағайындалды. 2013 жылы қазан айынан бастап осы уақытқа дейін Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Зайсан ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы лауазымында жұмыс атқарады.

Зайсан аудандық ТЖ бөлімінің басшы құрамының азаматтарды жеке қабылдау кестесi
ТЖ бөлімінің бастығы – Сейлханов Асет Ерболович
Айдың бірінші ж/е үшінші Сәрсенбісі 11:00-ден 13:00 дейін
Бас маман – Омаров Мақсат Болатович
Айдың екінші ж/е төртінші Бейсенбісі - 11:00-ден 13:00 дейін

Қызмет бағдары:
Бөлімнің негізгі міндеттері: табиғи және техно гендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, Азаматтық қорғаныс, өрт қауіпсіздігі, төтенше жағдайлардын алу және оларды жою мемлекеттік жүйесінің қызмет етуін және одан ары дамуын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты Зайсан ауданы бойынша іске асыру болып табылады.
Төтенше жағдай саласындағы жұмыстар Қазақстан Республикасының 1996 жылғы  5 шілдедегі  №19 «Табиғи және  техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Заңы, ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 13 желтоқсандағы №1310 қаулысымен бекітілген «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар квалификациясы», Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі  Мемлекеттік комитетінің 1997 жылғы  24 наурыздағы №7 қаулысымен бекітілген «Төтенше жағдайлар критериі» негізінде атқарылады.

Құрметті азаматтар
Егерде Сіз Төтенше жағдай бөлімінің қызметкерлері тарапынан қызмет бабын асырып пайдалануды немесе басқадай қылмыстық іс-әрекеттерді байқасаныз төмендегі телефондарға хабарласуыңызды сұраймыз.

Төтенше жағдай шаралары
Қазақстан Республикасының азаматтары табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласында:
– төтенше жағдайлар және азаматтарды, қоршаған орта мен шаруашылық жүргізуші объектілерді олардан қорғау саласындағы заңдарын сақтауға;
– төтенше жағдайлардың пайда болуына әкеп соқтыруы мүмкін авария, зілзала және апат жайында тиісті органдарды хабардар етуге;
– тұрмыста, күнделікті еңбек және шаруашылық қызметінде қауіпсіздік шараларын сақтауға, төтенше жағдайлардың пайда болуына әкеп соқтыруы мүмкін өндірістік және технологиялық тәртіптің, қауіпсіздік талаптарының бұзылуына жол бер меуге;
– азаматтық қорғаныс дабылдарын, төтенше жағдайлардың пайда болу қаупі төнген немесе олар пайда болған кезде жүріп-тұрудың белгіленген ережелері мен іс-қимыл тәртібін білуге, негізгі қорғану әдістерін, зардап шеккендерге алғашқы медициналық жәрдем көрсету тәсілдерін, ұжымдық және жеке қорғану құралдарын пайдалану ережелерін үйренуге, өздерінің осы білімі мен практикалық дағдыларын ұдайы жетілдіріп отыруға;
– төтенше жағдайларды жою жөнінде өткізілетін оқу-жаттығуларға қатысуға, халықты қоршаған ортаны және шаруашылық жүргізуші объектілерді қорғау құралдарына ұқыпты қарауға міндетті.
Табиғи және техногендік сипат-тағы төтенше жағдайлар пайда болған кезде қатер төнуін және шығындар мен залалды мүмкін болғанынша азайту үшін мынадай қорғану шаралары жүзеге асырылуы тиіс:
– сейсмикалық жағынан берік құрылыстар салу және үйлер мен ғимараттардың сейсмикалық беріктігін күшейту;
– гидротехникалық және инженерлік-геологиялық қорғану шаралары;
– көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және көлікте төтенше жағдайларды болғызбау үшін коммуникациялар жүйелерін жетілдіру;
– қауіпті өндірістік объектілердегі қорғану шаралары;
– өрттерге (жарылыстарға), індеттер мен малдың жұқпалы ауруларына, ауылшаруашылық өсімдіктері мен ормандардың кеселдермен және зиянкестермен зақымдануына жол бермеу шаралары.

М.Омаров,аудандық төтенше жағдайлар
бөлімінің бас маманы, майор.

Кәсіби шеберліктері шыңдалуда
Қазіргі уақытта Қазақстан үкіметінің стратегиялық бағытта жасап жатқан игі істерін жүзеге асыруда төтенше жағдайлар саласындағы өрт қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелердің ролі артты. Оның себебі осы бағытта жасалынып жатқан шараларда өрт қауіпсіздік саласын бақылайтын мемлекеттік органдардың міндетті түрде тартылуы. Сол маңызды кезеңнің өрт және өндірістік қауіпсіздігін қамтамасыз ету Төтенше жағдайлар бөлімі құзырында.
Шығыс Қазақстан – еліміздің інжу- маржаны, ну орманды аймағы. Жылдан –жылға мұндағы өндіру және өңдеу кәсіпорындарының саны да, қуаты да өсіп келеді. Табиғат тарту еткен байлықпен қатар, ел игілігі үшін адам қолымен жасалғанның бәрін аман сақтап қалу мен құтқару ісіне ерекше назар аударылады. Сондықтан ТЖ бөлімі  мен ӨСБ-дері қызметкерлерінің өрттің алдын алып, оған дер кезінде  тосқауыл қою арқылы адамдардың баға жетпес өмірін, қыруар ақшаның дүние- мүлкін аман алып қалуға жүргізетін профилактикалық жұмыстарының ықпалы зор.
Өрт қаупі жоғары маусым басталғанда бұқаралық шаралар өткізген кезде, өрт қауіпсіздігі талаптары ескерілуі үшін әрбір өртке қарсы қызметтің қызметкері өз пікірін билік дәліздерінде қорғай білуі, нақты дәлелдеуі шарт. Өртке қарсы қызмет бөлімінің инженерлеріне құрылыс нысандарымен жұмыс істеген кезде, жобаланған сәттен бастап, пайдалануға берілгенге дейін заңмен бекітілген құрылыс нормалары мен ережелерінің сақталуын бақылауға аса табандылық қажет.Егемендік алғаннан бері өрт сөндірушілер қызметі бір жүйеге келді, үлкен реформалар жасалды. Соңғы технологиямен жабдықталған аппараттар, техникалар алынды. Заман талабына сай өрт сөндірушілеріміз де кәсіби шеберліктерін шындап, біліктілігін арттыруда. Қандай жағдайда және қай уақытта болмасын халықтың тыныштықта өмір сүруіне белсене ат салысып жүретін кәсіби мамандарымызды мақтан тұтамыз.

 

Төтөнше жағдайлар қызметі ескертеді  
     
ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтына қабылдау ережесі *.doc 36 KB
Орман және дала өрттерінен сак болайық *.doc 87 KB
Балық аулау кезіндегі қауіпсіздік ережелері *.doc 31 KB
Суға түсу маусымындағы сақтық шаралары *.doc 25 KB
Қазақстан Республикасы іім төтенше жағдайлар комитетінің Көкшетау техникалық институтына оқуға түсу шарттары *.doc 293 KB
Апат кезіндегі қауіпсіздік *.zip 1 MB
Суға түсу қауіпсіздігі *.zip 353 KB
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт бақылау *.zip 841 KB
Абайлаңыз! Төбеден қар құлауда! *.doc 41 Kb
Хабарлама *.doc 41 Kb
ҚР ІІМ ТЖК Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Зайсан ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің 2015 жылы атқарылған жұмыстарының ЕСЕБІ *.doc 292 Kb
1-наурыз – Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні *.doc 27 Kb
Зайсан ауданының ТЖБ бойынша 2013 жылдың І жарты жылдығында атқарылған жұмыстар *.doc 60 Kb
Зайсан ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі бойынша 2012 жылы атқарылған жұмыстар *.doc 106 Kb
Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің 2012 жылғы өрт қауіпсіздігін бақылау қызметінің тиімділігі туралы ТАЛДАУ *.doc 10 Kb
Суға түсу маусымына дайындық *.doc 47 Kb
Өрт-тілсіз жау *.doc 2 Mb
2010 жылы аудан аумағында төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша атқарылған шараларктеу үшін дамбы салынды.  

 

 

Парақтар өзгертілді: 23-10-2017