Спорт

Дене шынықтыру және спорт туралы *.doc 354 KB

Зайсан ауданында спорт саласы бойынша 2016 жылдың I жартыжылдықта атқарылған іс-шаралар есебі

2016 жылдың басынан бері Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауын іске асыру мақсатында, ауданымызда спорт саласы бойынша жоспарланған 40 жуық спорттық іс-шаралар толықтай өткізілді.
Ауданда барлығы 124 спорт мамандары жұмыс істейді, оның 59 ауылдық жерлерде орналасқан. Аудан орталығында орналасқан спорт мектебінде 28 жаттықтырушы жұмыс істейді, олар 5 спорт түрі бойынша 869 баланы шұғылдандыруда, ал, «Сайхан» спорт клубында 16 жаттықтырушы 835 баланы шұғылдандыруда.
Аудандағы спорт нысандарының саны – 106. Оның 68 ауылдық елді мекендерде орналасқан. Биылғы жылы ауданда жабық жүзу бассейні халық қолданысына берілді.Орталық стадион аумағында жекпе-жек сарайы құрылысы басталып, жыл аяғына дейін халық игілігіне беріледі. Барлық деңгейдегі спорт нысандары 100% спорт жарыстарына, секция жұмыстарын ұйымдастыруға берілген. Қала, ауыл округі аумағында орналасқан мектептердің спорт залдарында тұрғылықты халықтың дене шынықтыру және спортпен шұғылдануын қамтамасыз ету мақсатында, сабақтан тыс кезде секция жүргізетін адамдар белгіленіп, арнайы кесте бойынша спорт топтары ашылып жұмыс істеуде. Аудан спортшылары, атап айтқанда қол күресінен, гір спортынан, еркін күрестен, футболдан облыс құрама командасының сапында республикалық жарыстарға қатысып жүр. Осы аталған шаралардың нәтижесінде аудандағы барлық деңгейдегі дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылар саны 12 100 адам болып, 31,8 % пайызға жетіп отыр.
Сонымен қатар, Зайсан командасы  2016 жылдың 19-25 мамыр аралығында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Шығыс Қазақстан облысы әкімінің жүлдесіне арналған  XХ -  халықтық спорт ойындарына қатысып командалық есепте жүлделі 2 орынды қанжығалады.

Зайсан ауданында спорт саласы бойынша 2016 жылдың I жартыжылдықта атқарылған іс-шаралар есебі

Атқарылған іс-шаралар

Күні

1

Волейболдан «Тәуелсіздіктің 25 жылдығына» арналған ересектер, ардагер спортшылар арасындағы жарыс

16.01.2016ж

2

Волейболдан  мектеп оқушыларының ІІ спартакиадасы (А тобы)

23.01.2016

3

Волейболдан  мектеп оқушыларының ІІ спартакиадасы (Б тобы)

30.01.2016

4

Президенттік үш сайыстан мектеп оқушылары арасында ауданның қысқы ІІ спартакиадасы (А тобы)

30.01.2016

5

Шайбалы хокейден оқушылар арасында «Жұлдызша» аудандық турнирі

6.02.2016ж

6

Шаңғыдан мүмкіндігі шектеулі жандар арасында аудан біріншілігі

6.02.2016ж

7

Президенттік үш сайыстан мектеп оқушылары арасында ауданның қысқы ІІ спартакиадасы (Б тобы)

20.02.2016

8

ҚР «Тәуелсіздіктің 25 жылдығына» арналған 2000-2003, 2004-2006ж.т жасөспірімдер арасында  дзю-додан аудан  біріншілігі.

20-21.02.2016ж

9

Шаңғыдан мектеп оқушыларының аудан біріншілігі

5.03.2016

10

Шаңғыдан ересектер арасында аудан біріншілігі

6.03.2016

11

Қазақ күресінен ІІ спартакиада бағдарламасында оқушылар арасында аудандық жарыс

5-6.03.2016

12

Еркін күрестен 1999-2000ж.т қыздар мен ұлдар арасындағы ШҚО чемпионаты

11-12.03.2016

13

Баскетболдан мектеп оқушыларының ІІ спартакиадасы (А тобы)

12.03.2016

14

Шағын футболдан аудандық жарыс

13.03.2016

15

Наурыз мерекесіне арналған ұлттық спорт түрлерінен жарыстар

22.03.2016

16

Шахмат, дойбыдан ерлер арасында аудандық жарыс

22.03.2016

17

ҚР Президенті Н.Ә Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турниріне аудандық іріктеу жарысының ІІ кезеңі «Зайсан Барысы»

26.03.2016

18

Қазақ күресінен «Ауған соғысы ардагерлерінің құрметіне» арналған жасөспірімдер арасындағы облыстық жарыс

28-30.03.2016

19

Баскетболдан мектеп оқушыларының ІІ спартакиадасы (Б тобы)

2.04.2016

20

ҚР «Тәуелсіздіктің 25 жылдығына» арналған шағын футболдан аудан  біріншілігі.

2.04.2016

21

Баскетболдан аудандық  «Достық » газетінің ашық біріншілігі

9.04.2016

22

Көкпардан ауыл, қала командалары арасында облыстық жарысқа іріктеу жарысы

10.04.2016

23

Волейболдан қыздар арасында Ж.Абышева атындағы дәстүрлі облыстық турнир

15.04.2016

24

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері арасында Президенттік тест тапсыру

16.04.2016

25

ҚР «Тәуелсіздіктің 25 жылдығына» арналған стол теннисінен аудан  аралық жарысы

25.04.2016

26

Бас Мүфтидің жүлдесі үшін қазақ күресінен аудандық жарыс

23.04.2016

27

ХХ-Халық ойындарының көкпардан аймақтық жарысы

28.04-03.05.2016

28

Жеңіл атлетикадан мектеп оқушыларының ІІ спартакиадасы

30.04.2016

29

ҚР «Тәуелсіздіктің 25 жылдығына» орай Зайсан ауданы әкімінің жүлдесі үшін ХХ-Халықтық спорт ойындары

7-9.05.2016

30

Волейболдан марқұм ұстаздарды еске алуға арналған турнир

8.05.2016

31

ҚР «Тәуелсіздіктің 25 жылдығына» орай және Олимпиада күніне арналған футболдан аудан біріншілігі

29.05.2016

32

1-мамыр Халықаралық  балаларды қорғау күні мерекесіне орай бүлдіршіндер арасында велосипед және көңілді старт жарысы

1.06.2016

33

Футболдан «Былғары доп» аудандқ жарысы

6.06.2016

34

«Денсаулық  фестивалі -2016 жыл»

11.06.2016

35

Мемлекеттік қызметкерлер күні мерекесіне орай спорттық шаралар

18.06.2016

36

Ораза Айт мерекесіне арналған ұлттық спорт түрлерінен жарыстар

5.07.2016

37

Айнабұлақ ауылдық округінде жағажай волейбол алаңының ашылу құрметіне орай жағажай волейболынан жарыс

9.07.2016

38

Ересектер және 2000-2001 ж.т жасөспірімдер арасында З.Есіркегеновті еске алуға араналған қазақ күресінен аудан аралық жарыс

5.08.2016

Ауданымыз  мақтан тұтар, Зайсанның атын Халықаралық  деңгейде танытып жүрген жоғарғы дәрежедегі спортшылардан кенде емес. Атап айтқанда, қол күресінен Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азияның 4 дүркін чемпионы, Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы Қалиева Мөлдір, гір спортынан спорт шебері, Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы Қыдырпатчаев Қуаныш, ардагер спортшымыз қол күресінен спорт шебері, Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы, Азия чемпионатының қола және күміс жүлдегері Мамырбеков Союзбек, болашағынан зор үміт күттірген жас спортшымыз қол күресінен спорт шеберлігіне үміткер, Азияның қола жүлдегері, Қазақстанның бір дүркін чемпионы, 2016 жылы сәуір айында қол күресінен Өзбекстан мемлекеті Ташкент қаласында өткен Азия чемпионатының қола жүлдегері. ШҚО әкімінің жүлдесіне арналған ХХ- халықтық ойындарында ІІ – орын Талғатова Мөлдір
Спорт мектебінен футбол бөліміне 9 оқушысы ШҚО құрама командасына алынды. 1 оқушы Алматы қаласының «Қайрат»  футбол клубының қосалқы командасына қабылданды (Ниязбеков Еламан). 1 оқушы (Құдайбергенов Батыр) 17 жасқа дейінгі Қазақстан Республикасы құрама командасында өнер көрсетеді. Еркін күрестен 2 – КМС, 2 – бірінші разрядты спортшы дайындалды. 4 бала спорт интернатына қабылданды, 3 оқушы  I-разрядты спортшы. «Сайхан» спорт клубынан Ришатов Архат ШҚО спортқа дарынды балалар спорт мектебіне қабылданды.
Балғабай Мұхамед – еркін күрестен спорт шеберлігіне үміткер. Қырғызстанда өткен халқаралық турнирдің чемпионы. Бірнеше дүркін Республикалық турнирлердің, ШҚО 7 дүркін чемпионы.
Талдауұлы Бағжол – еркін күрестен спорт шеберлігіне үміткер. ШҚО чемпионы.
Арасанбек Нұрліс - еркін күрестен спорт шеберлігіне үміткер. ШҚО чемпионы және Республикалық турнирлердің жүлдегері.
Самархан Ұлан - еркін күрестен спорт шеберлігіне үміткер. Қарағанды қаласында өткен Жеңіс күніне арналған Республикалық турнирдің жүлдегері.
Данияров Дамир - еркін күрестен спорт шеберлігіне үміткер. ШҚО 5 дүркін чемпионы және Республикалық турнирлердің бірнеше жүлдегері.
Миғмашева Қаламқас – самбодан спорт шеберіне үміткер. ҚР жүлдегері.
Ниязбеков Еламан – футболдан «Қайрат» командасының жасөспірімдер құрамасының мүшесі.
Толқын Айболат – гір спортынан жасөспірімдер арасында ШҚО чемпионы. Спорт шеберлігіне үміткер.
Тұржанов Қымбат – гір спортынан жасөспірімдер арасында ШҚО чемпионы. Спорт шеберлігіне үміткер.
Қазезхан Нұрасыл - гір спортынан жасөспірімдер арасында ШҚО чемпионы. Спорт шеберлігіне үміткер.

 

Мұрағат


Зайсан аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі бойынша 2015 жылы атқарылған жұмыстар
Зайсан аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі бойынша 2014 жылы атқарылған жұмыстар
Зайсан аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі бойынша 2013 жылы атқарылған жұмыстар
Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі бойынша 2013 жылдың  І жарты жылдығында атқарылған жұмыстар
Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі бойынша 2012 жылы атқарылған жұмыстар
Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі бойынша 2012 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар
2012 жылдың І жарты жылдығында дене шынықтыру және спорт бөлімінің атқарған  жұмыстары
2011 жылдың І – жарты жылдығында дене шынықтыру және спорт саласындағы атқарылған жұмыстар туралы
2010 жылдың қортынды мәліметі
2010 жылдың 9- айында атқарылған шаралар туралы мәлімет
Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі бойынша 2010 жылдың І-тоқсанында атқарылған шаралар туралы мәлімет
2009 жылы атқарылған іс-шаралар есебі
2009 жылдың 9-айында атқарылған іс-шаралар
2009 жылдың І-жарты жылдығында атқарылған шаралар
2009 жылдың І-тоқсанында атқарылған шаралар
2008 жылы атқарылған жұмыстар

 

Парақтар өзгертілді: 16-11-2016

22.12.2011 Волейболдан мектеп оқушылары арасындағы аудан біріншілігі

26.10.2011 ХІ мүгедектер спартакидасы

19.10.2011 «Алтын күз» аудан аралық турнирі

13.09.2011 «Денсаулық фестивалі- 2011» акциясы

02.09.2011 Конституция күніне арналған жарыс

07.07.2011 Астана күніне байланысты 13-14 жастағы балалар арасындағы жарыс

04.07.2011 Аудан әкімінің кездесуінде спортшыларға марапат көрсетілді

21.06.2011 Зайсан құрама командасы Облыс әкімі атындағы ХV - халықтық спорт ойындарына қатысты

25.05.2011 Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің...

12.05.2011 «ХV- Халықтық ойындарының» спорт түрлері бойынша аудандық спартакиада