Мемлекеттік қызмет

Бос орындар

«Зайсан ауданының  әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің аппарат басшысы   (E-2 санаты)
Аудан әкімінің қызметін ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық- құқықтық және материалдық- техникалық жағынан қамтамасыз ету.   Аудан әкімі мен әкімдігінің қызметін қамтамасыз ету бойынша аппарат жұмысын ұйымдастыру және оған басшылық ету. Ауданның атқарушы органдарының аудандық әкімдік мәжілісіне мәселелерді дайындау жөніндегі қызметін үйлестіру және жоспарлау, аудан әкімдігінің жұмыс жоспарының және қаулыларының орындалуына бақылау жасау. Жергілікті атқарушы органдар мен ауылдық округ әкімдерінің Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің нормативтік актілерін, облыс және аудан әкімдерінің, шешімдерін, өкімдерін және тапсырмаларын орындау жөніндегі қызметін үйлестіру. Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін бағалау жүйесін толық, сапалы орындалуын үйлестіреді, бақылауды жүзеге асырады. Аудан әкімі өткізетін кеңестерді, әкімнің басқа да іс-шараларын ұйымдастырушылық және құжаттамалық жағынан қамтамасыз ету. Аудан әкімінің облыс әкімінің аппаратымен байланысын қамтамасыз ету және оның тапсырмаларын орындауды ұйымдастыру. Аудан әкімінің аудандық мәслихатпен, республикалық басқару органдарының аумақтық бөлімшелерімен өзара қызметін қамтамасыз ету. Аудандық атқарушы органдардың басшыларын, ауылдық округ әкімдерін және аудан әкімі аппаратының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерін көтермелеу,  тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар дайындау. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдылықтарымен белгіленген тәртіпте аудан әкімі аппаратының техникалық қамту қызметкерлерін тағайындау және қызметтен босату. Аудандық наградалар, тәртіптік комиссиялардың жұмысына басшылық ету. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының референдумдар мен сайлауларды өткізу жөніндегі жұмысын материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді ұйымдастыру.  Қылмысқа,  сыбайлас жемқорлыққа, нашақорлыққа қарсы күрес жөнінде қабылданған бағдарламалардың орындалуына бақылау жасайды, аудан әкімі аппаратының құқық қорғау органдарымен жұмысындағы ұйымдастырушылық байланысты іске асырады. Мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстарына бақылау жасайды, мемлекеттік қызмет көрсету туралы заңнаманың орындалуын қамтамасыз етеді.

Біржан ауылдық округі әкімінің аппаратының бас маман-есепші E-G-3 категориясы
Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі мен қазынашылық департаменті бекіткен Ереже мен нұсқауға сәйкес ауылдық округ әкімі аппаратындағы бухгалтерлік есеп жұмыстарын жүргізеді. 
Бюджеттік қаржыны мақсатты, тиімді игерілуін қамтамасыз етеді. Жергілікті қоғамдастық жиналыста бекітілген жергілікті өзін- өзі басқарудың жоспарындағы ақша түсімдері мен шығыстарының есептілігін жүргізеді. Жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге бөлінген бюджет қаражатын және жергілікті өзін - өзі басқарудың кіріс көздерін тиімді пайдалану жөніндегі ұсынымдарды қарау нәтижелері туралы негізделген қорытындыны жасап жоғары тұрған әкімдіктің қарауына ұсынады. Бухгалтерлік құжаттардың сақталуын және құпиялылығын қамтамасыз етеді. Бюджеттік бағдарламалар мен ұзақ мерзімді жоспарлар, бюджеттің өзгеруіне байланысты өзгерістер мен толықтырулардың есептіліктерін жасап, әкімдікте бекітуге ұсынады. Қазынашылық, салық, статистика, қаржы, экономикаға байланысты қаржыландыру, есептілік жұмыстарын атқарады.

Дайыр ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-есепші E-G-3 категориясы
Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі мен қазынашылық департаменті бекіткен Ереже мен нұсқауға сәйкес ауылдық округ әкімі аппаратындағы бухгалтерлік есеп жұмыстарын жүргізеді. Бюджеттік қаржыны мақсатты, тиімді игерілуін қамтамасыз етеді. Жергілікті қоғамдастық жиналыста бекітілген жергілікті өзін- өзі басқарудың жоспарындағы ақша түсімдері мен шығыстарының есептілігін жүргізеді. Жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге бөлінген бюджет қаражатын және жергілікті өзін- өзі басқарудың кіріс көздерін тиімді пайдалану жөніндегі ұсынымдарды қарау нәтижелері туралы негізделген қорытындыны жасап жоғары тұрған әкімдіктің қарауына ұсынады. Бухгалтерлік құжаттардың сақталуын және құпиялылығын қамтамасыз етеді. Бюджеттік бағдарламалар мен ұзақ мерзімді жоспарлар, бюджеттің өзгеруіне байланысты өзгерістер мен толықтырулардың есептіліктерін жасап, әкімдікте бекітуге ұсынады. Қазынашылық, салық, статистика, қаржы, экономикаға байланысты қаржыландыру, есептілік жұмыстарын атқарады.

Зайсан ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру,  бақылау және мемлекеттік қызмет мониторингілеу бөлімінің бас маманы (Е-4)
«Шығыс Қазақстан облысы әкімінің тапсырмаларын есепке алу» ақпараттық жүйесінің жұмысын жасау. Облыс әкімінің аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімімен жұмыстарын үйлестіру. Аудан көлемінде өтетін ұйымдастыру-көпшілік шаралардың мерзімінде өтуін қадағалау. Аудан әкімдігінің мәжілісінің хаттамасын жүргізу және құқықтық актілерін заңдылыққа сәйкес әзірлеу. Аудан әкімінің тұрғындармен кездесу жиындарын өткізу. Тұрғындар тарапынан айтылған сын-ескертпелердің, ұсыныс - пікірлердің орындалуын қадағалау және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

Парақтар өзгертілді: 26-09-2018