Мемлекеттік қызмет

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі

Зайсан ауданы бойынша әдеп жөніндегі уәкіл: Уәли Марат Қалиасқарұлы-аудан әкімінің орынбасары

Байланыс телефоны: 872340-21-005
 Қабылдау күндері: жұма сайын әр сәрсенбі

 

«Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы»

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығы

 Мемлекеттiк қызметшiлердiң моральдық-адамгершiлік бейнесiне және iскерлiк қасиеттеріне қойылатын талаптарды жоғарылату мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары);
2) Әдеп жөнiндегi уәкiл туралы ереже бекітілсін.
2. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республика­сы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы Жарлық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев

 

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) *.doc 66 KB
     

 

Парақтар өзгертілді: 12-12-2016