Зайсан ауданының Статистика басқармасы

Боранбаев Маратхан ЖеңісханұлыБастығы – Асқаров Ербол Рүстембекұлы 1976 жылы 17 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Құйған ауылында туған.
Білімі жоғары. 1997-2002 жылдары Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Дүние жүзілік тарих» факультетін, 2003-2005 жылдары Алматы экономика және статистика академиясының «Қаржы және несие» факультетін бітірген.
1994-1995 жылдары Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінде әскери борышын өтеген.
Еңбек жолын 1993 жылы Құйған ауылында құрылған «Тарбағатай қауымдастығында» жұмысшы болып бастаған.
2005-2007 жылдары Тарбағатай ауданында қаржы бөлімінің жетекші маманы,
2007-2009 жылдары Тарбағатай ауданының әкімі аппаратының кадрлар және мемлекеттік құқықтық бөлімінің бас маманы,
2009-2010 жылдары Тарбағатай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы,
2010-2011 жылдары «Шығыс Қазақстан облысы Статистика департаменті» ММ-сі Тарбағатай ауданының статистика басқармасының бас маманы.
2011-2014 жылдары «Шығыс Қазақстан облысы Статистика департаменті» ММ-сі Тарбағатай ауданының статистика басқармасының басшысы,
2014 жылдың 03 шілдесінен бастап «Шығыс Қазақстан облысы Статистика департаменті» ММ-сі Зайсан ауданының Статистика басқармасының басшысы қызметінде.
Жанұялы, екі баласы бар.

Қабылдау уақыты: сәрсенбі сағат 14 00-18 00 – ге дейін.
Телефон 8 (723 40) 21-7-85

Мекен-жайы: Зайсан қаласы, Жангелді к., 37
Тел.: (8-723-40) 21-314
Факс: (8-723-40) 21-785

 

Зайсан ауданының статистика басқармасы

Зайсан ауданының статистика органдары 1930 жылы құрылып, мемлекеттік және статистикалық есеп қызметін атқарды. 1930-1939 жылдары халық шаруашылығы есебінің Зайсан аудандық инспектурасы аудандағы есептілікті жинаумен айналысты. 1939  жылдан бастап халық шаруашылығы есебінің Зайсан аудандық инспектурасы КСРО-ның Орталық статистикалық басқармасының Зайсан аудандық инспектурасы болып өзгертілді, ал 1941 жылы аудандық инспектура Зайсан аудандық еңбекшілер депутаттары кеңесі атқару комитетінің статистика бөліміне ауыстырылды, 1958 жылдан бастап статистикалық бөлім мемлекеттік статистиканың Зайсан аудандық инспектурасы болып қайта құрылды, ал 1971 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облыстық статистикалық басқармасының Зайсан аудандық статистистика бөліміне ауыстырылды. 1991-2009 жылдар аралығында аудан статистикасында көптеген құрылымдық өзгерістер орын алды. 2009 жылғы қазаннан бастап  аудандық статистика басқармасына өзгертілді. 
Қазіргі уақытта Зайсан ауданының статистика басқармасы «ШҚО статистика департаменті» ММ-нің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Басқарма бастығы қызметін Боранбаев Маратхан Жеңісханұлы атқарады.
Ұжымда білікті, өз істерін білетін мемлекеттік қызметшілер жұмыс істейді, олардың қатарында бас маман Л.К. Қылышқанова., жетекші мамандар Б.Б. Қылқабаева., Абитханова., ЕМК маманы З.К. Мұсаханова және баға тіркеуші Д.Т. Үмбеталиевалар бар.

 

Парақтар өзгертілді: 28-01-2015