Бос орындар

Зайсан ауданы бойынша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдар туралы мәлімет

Қарабұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы (E-G-4 саната)

Өз құзыреті шегінде салық және бюджеттік төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауға жәрдемдеседі, шаруа қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсіпкерлік қызметті дамытуға жәрдемдеседі. Жеке және заңды тұлғалардан мүлікке, көлік құралдарына салынатын салықтарды, жер салығын жинауды ұйымдастырады. Өз аймағында орналасқан барлық салық төлеушілердің, жеке кәсіпкерлердің есебін жүргізеді, мемлекеттік кірістер басқармасына тіркелуін қамтамасыз етеді, есептіліктердің дер кезінде өткізілуін қадағалайды. Жеке кәсіпкерлермен бағаны тұрақтандыру және шаруа қожалықтарымен үш жақты меморандумға отыруға жауапты.

Зайсан аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің бас маманы (E-R-4 санаты )

Аудандағы жер қатынастарын, егін шаруашылығын дамытуға бағдарламалар дайындап, орындалуын қамтамасыз етуге жұмыс жүргізеді. Аудандағы егін шаруашылығына қатысты жұмыстарға түгелдей жауап береді. Аудан бойынша агротехникалық шаралардың дұрыс жүргізілуіне ұсыныс беріп, бақылайды. Ауыл шаруашылығы құрылымдарының жоғарғы сортты ауыл шаруашылық дақылдарының тұқымдарына, минералды тыңайтқыштарға және пестицидттерді қолдану қажеттіліктерін анықтап, қамтамасыз етуге үнемі ықпал жасап отырады. Егін шаруашылығында көктемгі және күзгі жиын-терін жұмыстарына материалды тауарларды, тыңайтқышты арзандатуға, тұқым шаруашылығына төленетін субсидияны ауыл шаруашылық құрылымдарына төлеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және қадағалау. Ауыл шаруашылығы құрылымдарына ауыспалы егіс схемаларын жасауға, озық технологияларды өндіріске енгізуге ұсыныс жасайды. Ауыл шаруашылық дақылдарының сапасы мен өнімділігін арттыруға байланысты бюджеттік жобаны іске асырады. Қазақстан Республикасының «Тұқым туралы» заңына сәйкес тұқым шаруашылығымен айналысатын шаруашылықтарға қолдау көрсетіп, орындалуын қадағалау.
Тұқымдардың сапасына, ауыл шаруашылығы өсімдіктеріне жүргізілетін сұрыпсынауға тұқым өндіру шаруашылығындағы жеке тұлғалар мен шаруашылық субъектілерге мемлекеттік қадағалау жүргізу. «Тұқымдық  және көшеттік материалдардың сорттық және себумсапасын анықтау» бағдарламасының іске асырылуын жәнет орындалуын қадағалау. Тұқым өндіру шаруашылығындағы қосымша қаржыландырылған тұқымдардың мақсатты пайдалануын қадағалау. Аттестатталған зертханалардың тұқым үлгілеріне жасаған сараптау жұмыстарына қадағалау жүргізу: 1) тұқымдардың сұрыптық және егістік сапасын анықтау; 2) сараптауға өткізілген тұқым үлгілерін анықтау. Аттестатталған тұқым өндірушілердің жұмыстарына қадағалау жүргізу: 1) тұқым егуге даярланған дала алқаптарын тексеру; 2) сұрыптық егістерді өскен кезде тексеру.3) сұрыптық және гүибридтік егістіктердің далалық зерттеу мен апробация жұмыстарына қадағалау жүргізу; 4) тұқым сақтайтын қоймалардың дайындығы, егін ору, тасымалдау, өңдеу (тазалау) және сақтау жұмыстарынақадағалау жүргізу.

Зайсан аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ-нің Жетекші маманы, E-R-5 санаты

Ауданның жергілікті өкілді органына ҚР Жер заңдылықтарына сәйкес дайындалған жобаларды бекітуге енгізуді дайындау; Елді мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру; Жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жүргізу; Пайдаланылмай жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жерлерді анықтау; Жеке және заңды тұлғалардан бөлімге келіп түскен өтініштер мен сұраныстарға уақытында жауап дайындау; Облыстық жер қатынастары басқармасына ай сайынғы, тоқсан сайынғы және жылдық есептерді тапсыру; Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінен қажетті мәліметтермен қамтамасыз ету; Аудандық жер комиссиясын өтініштерге байланысты мәліметтермен қамтамасыз ету; Өз міндеттеріне қосымша уақытша жұмыста жоқ қызметкердің міндетін орындау.

Зайсан аудандық сәулет, құрылыс тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы , жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі E-R-3 санаты

Бөлім басшысының басшылығымен жұмыс істейді.    
Өзінің қызметі аясында жоғары тұрған органдардың сұранысы бойынша ақпарат береді. Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің және Шығыс Қазақстан облысы әкімінің нормативтік құқықтық актілерінің, аудан әкімдігі қаулыларының, әкім шешімдерінің, өкімдерінің және тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз етеді және оған бақылау жасайды.
Салынып жатқан барлық құрылыс тардың заңдылығын тексеріп , бақылау жасайды , аталған мәселелерге  қатысты бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың арыз шағымдарын қарап , орындайды . Аудан көлемінде сәулет қала құрылысы және құрылыс субъектілерінің «Қазақстан Респуликасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Респуликасының Заңын ұстануын қадағалайды . Базалық деңгейдегі мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізуге қатысады. Әзірленіп бекітілген бас жобаларға сәйкес әкімшілік- аймақтық бірліктің территориясын қала құрылысы үшін игеру кезінде мемлекеттік нормативтердің, өзге де жобалық құжаттамалардың талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз етеді . Ауданның жер қатынастар бөлімімен бірлесе отырып ауданның елді мекендерінде құрылыс және қайта құру нысандарының құрылыс алаңын таңдау комиссияның жұмысына қатысады.

Зайсан ауданы әкімі аппаратының инспекторы аудан әкімінің кеңесшісі (Е-3 санаты)

Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің, облыс әкімінің, аудан әкімінің, аудан әкімдігінің актілерін және тапсырмаларын орындауды ұйымдастыру, дайындау және бақылау .Облыс әкімі аппаратының тиісті бөлімдерімен, аудандық мәслихатпен, қала, кенттер, ауылдық округтер әкімдерімен аудан әкімі аппаратының ұйымдастырушылық байланысын қамтамасыз етеді. Оларды есепке алу, бақылауды жүргізеді, жинақтау материалдарын қалыптастырады. Аудандық іс-шаралар жоспарының орындалуын үйлестіреді. Аудан әкімінің хаттамалық тапсырмаларының орындалуына бақылау жасайды. Құқық қорғау органдармен, кәсіпкерлермен және де басқа да ведомствоаралық қатынастарды үйлестіреді. Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне бақылау жасайды, аталған көрсеткіштерді жоғарлату мақсатында іс-шараладың орындалуын үйлестіреді, бақылайды.

«Шілікті ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ жетекші маман -есепшісі (E-G-4 санаты)
Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі мен қазынашылық департаменті бекіткен Ереже мен нұсқауға сәйкес ауылдық округ әкімі аппаратындағы бухгалтерлік есеп жұмыстарын жүргізеді. Бюджеттік қаржыны мақсатты, тиімді игерілуін қамтамасыз етеді. Жергілікті қоғамдастық жиналыста бекітілген жергілікті өзін-өзі басқарудың жоспарындағы ақша түсімдері мен шығыстарының есептілігін жүргізеді. Жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге бөлінген бюджет қаражатын және жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздерін тиімді пайдалану жөніндегі ұсынымдарды қарау нәтижелері туралы негізделген қорытындыны жасап жоғары тұрған әкімдіктің қарауына ұсынады. Бухгалтерлік құжаттардың сақталуын және құпиялылығын қамтамасыз етеді. Бюджеттік бағдарламалар мен ұзақ мерзімді жоспарлар, бюджеттің өзгеруіне байланысты өзгерістер мен толықтырулардың есептіліктерін жасап, әкімдікте бекітуге ұсынады. Қазынашылық, салық, статистика, қаржы, экономикаға байланысты қаржыландыру, есептілік жұмыстарын атқарады.

«Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маман -есепшісі (E-G-3 санаты)
Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі мен қазынашылық департаменті бекіткен Ереже мен нұсқауға сәйкес ауылдық округ әкімі аппаратындағы бухгалтерлік есеп жұмыстарын жүргізеді. Бюджеттік қаржыны мақсатты, тиімді игерілуін қамтамасыз етеді. Жергілікті қоғамдастық жиналыста бекітілген жергілікті өзін-өзі басқарудың жоспарындағы ақша түсімдері мен шығыстарының есептілігін жүргізеді. Жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге бөлінген бюджет қаражатын және жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздерін тиімді пайдалану жөніндегі ұсынымдарды қарау нәтижелері туралы негізделген қорытындыны жасап жоғары тұрған әкімдіктің қарауына ұсынады. Бухгалтерлік құжаттардың сақталуын және құпиялылығын қамтамасыз етеді. Бюджеттік бағдарламалар мен ұзақ мерзімді жоспарлар, бюджеттің өзгеруіне байланысты өзгерістер мен толықтырулардың есептіліктерін жасап, әкімдікте бекітуге ұсынады. Қазынашылық, салық, статистика, қаржы, экономикаға байланысты қаржыландыру, есептілік жұмыстарын атқарады.

 

Парақтар өзгертілді: 03-10-2017