Ветеринария саласы

Ветеринария туралы *.doc 509 KB

Бүгінгі күні аудан бойынша әр округ мал дәрігерлік пункттермен,мал дәрігерлерімен қамтамасыз етілген.Сырғаланған малдар компьютерлік базаға енгізіліп,малдың кірісі,шығысы жүргізілуде.Аудан бюджетінен 1 млн теңге қаражат ветеринариялық анықтама алуға бөлінді.Қаңғыбас иттерді аулап жоюға 1 млн 500 мың теңге бөлінді.
Елді мекендердегі санитарлық-залалсыздандыру,ветеринариялық-профилактикалық жұмыстарын «Зайсан ауданының ветеринариялық қызметі» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны жоспарға сәйкес атқаруда. Ауданда 1-мал сою пункті, 9 мал сою алаңы, 23 мал өлексесін тастайтын орыны, 3-ДУК автокөлігі, 1-мал өлімтігін өртейтін және 1- ауру малдарды санитарлық союға тасымалдауға арналған автокөлігі бар.  
2016 жылға ветеринариялық-профилактикалық шараларға ауданға республикалық бюджеттен 83,0млн теңге бөлінді.

Мемлекеттік қызмет көрсету

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 7-1/418 бұйрығымен бекітілген «Ветеринария саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары» және Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің 2015 жылғы 22 қыркүйектегі «Ветеринария саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету регламенттері» туралы № 244 Қаулысына сәйкес, Зайсан ауданының ветеринария бөлімі мемлекеттік мекемесі арқылы төмендегідей мемлекеттік  қызмет түрлері көрсетілді.

1. Жануарлар өсіруді,жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды(союды), сақтауды,қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс обьектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру,сақтау, және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру бойынша – 11,
2. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау обьектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру бойынша – 12.

Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Зайсан ауданының ветеринариялық қызметі» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны арқылы көрсетілген мемлекеттік қызмет түрлері;
1. Ветеринариялық анықтама беру мемлекеттік қызмет көрсету регламенті бойынша – 5567 ветанықтама берілді.
2. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру және ветеринариялық паспорт беру мемлекеттік қызмет көрсету регламенті бойынша – 4155 мал иесіне, 16566 ветпаспорт берілді.

2016 жылдың 9- айында  ветеринария саласы бойынша  атқарылған жұмыстардың тізбесі

Жануарлардың түрі және ветернариялық-
Профилактикалық іс-шаралар атауы
(егу,вакцинация)
Жылдық жоспар Вакцинациядан
өткізілді,мың бас
Орындалу %-ы
1 Сібір жарасы: ірі қара 77,0 57,0 74
2 Қой-ешкі 168,0 168,0 100
3 жылқы 12,8 12,8 100
4 Аусыл, ірі-қара 160,0 136,5 85
5 Түйе, сібір жарасы 0,020 0,020 100
6 Пастереллез, ірі-қара 18,0 18,0 100
7 Пастереллез,қой-ешкі 17,0 17,0 100
8 Эхинококкоз: Ит 19,5 13,0 67
9 Құтырық: Ит 7,0 3,0 43
10 Құс тұмауы 27,0 27,0 100
11 Жұқпалы дерматит (эктима): қой-ешкі 13,0 13,0 100
12 Маңқа(маллейн): жылқы 11,2 11,2 100
13 Туберкулез:Ірі қара 150,0 117,0 78
14 Оба: Түйе 0,020 0,020 100
15 Шешек қой-ешкі 50,0 50,0 100
16 Құтырық,қой-ешкі 30,0 20,0 67
17 Қарасан,ірі-қара 54,0 36,0 67
18 Аусыл,қой-ешкі 369,0 291,0 79
19 Лептоспироз ірі қара 0,6 0,6 100
20 Лептоспироз қой-ешкі 1,0 1,0 100
21 Лептоспироз жылқы 0,5 0,5 100
22 Листериоз,қой-ешкі 5,0 5,0 100
23 Пастереллез,жылқы 1,6 1,6 100
24 Құтырық , ірі қара 30,0 15,0 50
25 Құтырық , жылқы 4,6 4,6 100
26 Құтырық , мысық 0,8 0,8 100
27 Туберкулез, түйе 0,020 0,020 100
28 Оба, қой-ешкі 2,0 2,0 100
29 Брадзот,қой-ешкі 13,0 6,5 50
30 Құтырық, Түйе 0,020    


Диагностикалық тексерулер (серология)

Зерттеулер атауы  жылдық жоспар Зерттелгені,
бас
Орындалу %-ы Оның ішінде оң нәтиже бергені Жойылғаны,
бас
1 Бруцеллез:
ірі қара
82749 51636 62 725 725
2 Қой-ешкі 140638 86498 62 677 677
3 жылқы 138 105 77 0 0
4 Ит 200 123 62 5 5

 

Ветеринария бөлімінің басшысы Қ.Чилибаев

 

Парақтар өзгертілді: 16-11-2016